Қарулы Күштерде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты

0
475

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


Қарулы Күштерде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасты

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрі әскери дәрігерлерді Медицина қызметкерлері күні кәсіби мерекесімен құттықтады, деп жазады baq.kz.

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қарулы Күштердегі жеке құрамның денсаулығын сақтауда әскери дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен тынымсыз еңбегін, сондай-ақ, пандемия кезінде коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимылға қосқан ауқымды үлесін атап өтті.

Бас әскери-медициналық басқарманың бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаев Covid-19 вакцинациясының барысы және Қарулы Күштерде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үдерісінің аяқталғанын баяндады.

Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарына сәйкес, ересек адамдардың 60%-ға жуығы иммунитетке ие болуы керек, яғни коронавирус инфекциясының таралу тізбегі үзілуі үшін толық екпе алуы керек.

Бүгінгі күні Қарулы Күштерде жеке құрамның 70%-дан астамына вакцинаның екі компоненті егілді, ал жалпы екпені әскери қызметшілер мен азаматтық персонал өкілдерінің 96%-дан астамы алды. Әзірге тек медициналық тұрғыда қарсы көрсетілімдері барларға екпе салынбады.

Әскерде екпе салу процесі көктемгі әскерге шақыру науқанын өткізуде қиындады, оның барысында жеке құрам ауыстырылды. Сондай-ақ елдің түрлі өңірінен инфекция жұқтырған әскерге шақырылушылардың келу жағдайлары болды.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру көптеген шектеулерді алып тастауға және жоспарланған әскери даярлық шараларын, ауқымды жаттығуларды толық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.