"Қарумен аспанға оқ аттым": Алматыда қызды зорламақ болған адамдардан құтқарып қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді

0
503

Ол өзінің әрекетін батырлыққа теңемейтінін айтады.


Бұған дейін Алматыда қызды зорламақ болған адамдардан құтқарып қалған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Бұл жөнінде ол журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Түн жарымда жолға жүгіріп шығып, жан ұшыра көмек сұраған қызды зорлықшылардан құтқарған жігіттің есім Р. мамандығы инженер-құрылысшы екен. Сол түні Талдықорғаннан Алматыға енді келген. Рысқұлов маңындағы Бродский көшесіне бұрылғаны сол екен көмек сұраған қыз көліктің алдынан атып шығады.
Әбден қорыққан қызды көрген кезде ол ең алдымен тек құтқарып қалуды ғана ойлағанын айтады.
“Әрине, ең алдымен артынан өкшелей қуып келе жатқан жігіттерден қорғауым керек дедім. Басқа ой менде болған жоқ. Қайдан шықты? Не болды екен деп анықтап тоқтағанша екінші жігіт жүгірді. Қалтамда рұқсат етілген қаруымды аспанға аттым. Сонда ғана қыз қуушылардың беті қайтқандай болды. 102-ге хабар бердім. 5 минуттың ішінде 4 патруль көлігі келді. Полиция қызды өз көліктеріне мінгізіп, алып кетті”, – дейді азамат.
Ер адамның айтуынша, қыздың жасы 22-де, Ұзынағаштың тұрғыны болып шыққан. Ол өзінің бұл жағдайға қалай тап болғаны туралы айтып берген.
“Атын сұрамадым. Такси ұстап тұрғанда екі жігіт келіп, “бізбен бірге жүр, жеткізіп тастайық” деген. Өз жолынан басқа жаққа бұрылғанын көріп, айқайлап қарсылық танытқанын айтты. Алайда, такси жүргізушісі айқайлап жылап жатқаныма қарамастан мені күштеп түсіріп кетеді. Жігіттер сол маңдағы мүрдеге қарай сүйреген. Осы сәтте менің көлігімнің жарығын байқаған бойжеткен бар күшімен ытқып шығып алдымнан жүгіріпті. Қорқынышы басылған соң сөзі дұрысталды, мастығын байқамадым”, – деп жалғады ол.
Ол өзінің әрекетін батырлыққа теңемейтінін айтады.
“ Меніңше, қиналған жанды көрген әр адам көмек береді деп ойлаймын, бұл жәй адамгершілік қой. Мен және өзім танитын достарым, жақындарым болса дәл мен сияқты көмектесер еді. Өзім сол маңда тұрамын, көшем қылмыстан аулақ болса екен деймін”, – деп түйіндеді батыр жігіт.
Айта кетейік, Алматы полициясы болған оқиғаға қатысты зорлау әрекеті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
“Алматы қалалық полиция департаменті Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға әрекеттену дерегі анықталып жатқанын хабарлады. Жәбірленуші өзінің таныстарының бірінен күдіктенеді, олар оқиғадан бұрын бірге ішімдік ішкен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.