Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін QR коды арқылы білуге болады

0
1 491

QR-коды арқылы кез келген жерде тексеру қолжетімді.


Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін  QR  коды арқылы білуге болады

Енді ҚР азаматтары несие жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банктерде кезек күтпей-ақ біле алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ХҚКО және Банк бөлімшелеріне «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту шаралары туралы» Президенттің 26.06.2019 жылғы №34 Жарлығына сәйкес, несие берешегін өтеу сұрақтарымен көптеген адамдар келеді.

Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру үшін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы арнайы қызметті қолдану арқылы: https://www.enbek.gov.kz/public/irs/kk/status-check, 111 бірыңғай нөмірі арқылы, egov.kz порталы және ХҚКО-на жүгінетін. Енді азаматтарға уақытын үнемді пайдалану үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру QR-коды арқылы кез келген жерде тексеру қолжетімді болды.


QR-коды арқылы қызметті қолдану әдісі:
  • Ұялы телефоныңызға Pley Маркет бағдарламасы арқылы QR-код бағдарламасын жүктеу, QR-код бағдарламасында камера линзасын кодқа апару керек.
  • Ашылған ресми интернет ресурсында ЖСН енгізіп өзіңізге қажетті ақпаратты алу.
ХҚКО азаматтардың уақытын әрқашан оңтайлы етуді көздейді.