Қаржы пирамидасын құрған: Көкшетаулық әйел қазақстандықтарды 70 млн теңгеге алдап кеткен

0
2 367

48 жастағы тұрғын 2020 жылы WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру үшін топ құрған.


Қаржы пирамидасын құрған: Көкшетаулық әйел қазақстандықтарды 70 млн теңгеге алдап кеткен

ERNUR.KZ. Ақмола полициясы интернеттегі ресурстар көмегімен қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп жазады Stan.kz.

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет ресурстардың көмегімен алдап 63 мың теңге ақша қаражатын иемденген.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны 2020 жылы WhatsApp арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру үшін топ құрғаны анықталды.

Оның құрбандары Ақтау, Жаңаөзен, Нұрсұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болды. Адамдарға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 млн теңгеден асқан. Әйел өз кінәсін мойындады.