Қаржы вице-министрі тағайындалды

0
577

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы дүниеге келген.


Қаржы вице-министрі тағайындалды

ERNUR.KZ. Үкімет қаулысымен Бейсенбекұлы Абзал Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады baq.kz.

Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін бітірген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2007 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінде бастаған.

2008-2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Әлеуметтік саланы дамыту департаменті Білім және ғылымды дамыту басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Әлеуметтік саланың бюджеттік бағдарламаларының орындалуын жоспарлау, талдау және іске асырылуын бағалау департаментінде жұмыс істеді.

2011-2019 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде сарапшы, консультант, инспектор, сектор меңгерушісі және бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында еңбек етті.

2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін жеке және квазимемлекеттік секторларда басшылық қызметтер атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарды.