Кәсіби түрде бокстасқан ауыл балаларының видеосы жұртты тәнті етті (видео)

0
760

Жекпе-жек бокс ережелеріне сай әрі кәсіби өткен.


Кәсіби түрде бокстасқан ауыл балаларының видеосы жұртты тәнті етті (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде кішкентай балалардың үйдің ауласында бокстасқан видеосы тарады. Олардың жекпе-жекке дайындығы кәсіби былғары қолғап шеберлерінен кем емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Іnstagram желісіндегі v.shymkente парақшасында жарияланған.

Кадрларда 6-7 жастағы балалардың жекпе-жекке кәсіби дайындалғаны көрініп тұр. Олар қолдарына былғары қолғап киіп, шаршы алаңдағыдай бір-бірімен амандасады.

Жекпе-жек бокс ережелеріне сай, әділ әрі кәсіби өткен. Оларға қапталдағы төрешілер мен ринг қана жетіспей тұр.

Бұл видео біздің кішкентай балақайларымыздың үлкен спортты қалай жақсы көретіндерінің бір дәлелі болды.

Сондай-ақ, роликті көрген желі қолданушылары да түрлі пікірлерімен бөлісті.

"Жарайсыңдар", "Ауылға көңіл бөлу керек", "Бала көргенін істейді", "Ауылды көркейту керек, бәрі ауылдан шығады", - деп жазды олар.