Кәсіпкерлік саласы ел жастарын әлі де қызықтырмай отыр

0
366

«Әлеуметтік сауалдардың деректері бойынша сұралған жастардың 51 %-ының бизнеспен айналысу туралы ой жоспарында жоқ екен. Бұл проблемаға басқа жағынан қараған дұрыс. Мүмкін, біз бизнеспен айналысу үшін өзіміз тиісті жағдай жасамай отырған шығармыз?», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ​


Кәсіпкерлік саласы ел жастарын әлі де қызықтырмай отыр

ERNUR.KZ. Бизнеспен айналысу туралы ой жастардың 51 пайызының жоспарында жоқ. Бүгін Жастар жылын өткізу аясында тұрған мақсаттарға арналған дөңгелек үстел отырысында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп жазады. ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы бастама жасаған жаңа ауқымды жобалар жастар саясатындағы жүйелі өзгерістерді қамтиды. Бұл тұста білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жастардың арасындағы кәсіпкерлікті ынталандыру, денсаулықтарын нығайту, жас ұрпақ үшін тиімді жұмыс істейтін әлеуметтік сатыларды іске қосу туралы сөз болып отыр. Жастарды жұмыспен қамту мәселесіне айрықша назар аударылатын болады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша еліміздегі жастардың 40 %-ға жуығы тұрақты түрде жұмысқа орналасу проблемаларын бастарынан өткізеді екен. Алайда, қазіргі уақытта жастардың арасындағы жұмыссыздық барлық әлемде өткір мәселеге айналып отыр. Соңғы деректер бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 13%-ды құрайды, ал кейбір елдерде 40%-ға жетеді. БҰҰ деректері бойынша әлемдегі әрбір бесінші жас оқымайды және жұмыс істемейді», - деді Сенат төрағасы.

Осы орайда Қ. Тоқаев жастардың жұмыссыздығын жоюдың басты мүмкіндіктерін шағын және орта бизнес саласынан табуға болатынын атап өтті.

«Біздің жастарымыздың бойында кәсіпкерлік бастамаларды іске асыра білу қабілетін тәрбиелеу қажет. Қазақстанмен салыстырғанда экономикалық жағдайы анағұрлым қиын жағдайдағы көрші мемлекеттердің жастарының қаншалықты икемді, іскер екені, өз шағын бизнестерін жүргізуге бейімделгені байқалып отыр. Бұл елдерде жастар жаңа мамандықтарды игерген, өз туыстары мен өз мемлекетіне қолдау көрсету мақсатында өздігінен жұмыс тауып, шетелдерде де жұмыс істеуде», - деді ол.

Оның сөзінше, өкінішке орай, кәсіпкерлік саласы Қазақстан жастарын әлі де қызықтырмай отыр.

«Әлеуметтік сауалдардың деректері бойынша сұралған жастардың 51 %-ының бизнеспен айналысу туралы ой жоспарында жоқ екен. Бұл проблемаға басқа жағынан қараған дұрыс. Мүмкін, біз бизнеспен айналысу үшін өзіміз тиісті жағдай жасамай отырған шығармыз?», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет