Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кеткен

0
836

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған ЖКО салдары түсірілген видео пайда болды.


Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кеткен

ERNUR.KZ. Қаскелеңде 17 жастағы қызды екі көлік қағып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Қаскелең қаласында Сүлейман Демирел университеті маңындағы Абылай хан көшесінде болған ЖКО салдары түсірілген видео пайда болды. Видеода зардап шеккен қыз бен жедел жәрдем көрсетілген.Алматы облысының полициясы 20 қарашада сағат 20:30-да Mitsubishi көлігін тізгіндеген 58 жастағы жүргізуші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады.

"Соққыдан жаяу жүргінші қарсы жолаққа ұшып кеткен, сол жерден оны басқа Mercedes-Benz көлігі қаққан. Оқиға салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 17 жастағы қыз Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды", - деді полициядағылар.

Дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адам денсаулығына зиян келтiрiп жол қозғалысы ережелерiн бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.