Қаскелеңде жекеменшік үйден екі шетелдік өлі табылды

0
418

Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.


Қаскелеңде жекеменшік үйден екі шетелдік өлі табылды

ERNUR.KZ. Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған екі ер адам өлі табылды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

26 маусымда полицияға жантүршігерлік хабар туралы 1979 жылы туған азамат арызданған. Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады.

Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта ол УҰИ-ға қамалған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.