Қасқырлар мен шибөрілерді ату үшін онлайн түрде рұқсат алуға болады

0
1 910

2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі


Қасқырлар мен шибөрілерді ату үшін онлайн түрде рұқсат алуға болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілді. Түз тағыларының қаншасын атуға болатыны туралы мәліметті ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Skifnews.kz.

Оның жариялаған ақпаратына сүйенсек, бұдан былай аталған жануар түрлерін ату үшін аңшы электронды портал арқылы онлайн өтінім бере алады. Егер интернет қолжемсіз болған жағдайда бұл қызметті кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

«Қасыр мен шибөрі халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және өзге де үй жануарларын аурулардан сақтап қалу, қоршаған ортаға шығын келтірмеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай шығын келу қаупін болдырмау мақсаттында саны реттеу жататын аң түрлерінің тізіміне кіреді. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі», - деді Сәкен Ділдахмет.