Каспий Банкті тонап кеткен күдіктілер ұсталды

0
130

Күдіктілерден ұрланған қаражат тәркіленген.


Каспий Банкті тонап кеткен күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы Kaspi.kz компаниясына жасалған қарақшылық шабуылдың бетін ашты, деп жазады Stan.kz.

Алматы қаласы ПД криминалдық полициясының хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туылған үш ер адам ұсталды.

Күдіктілер - С. және У. есімді азаматтар Алматыда қалалық криминалдық полиция жедел уәкілдерімен ұсталды.

Үшінші күдікті дәл қазір Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлерімен ұсталды.


"Заттай дәйектер - ұрланған қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 192 бабы, 3 бөлімі бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасының тергеу жүргізген қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қаскөйлер қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды", - дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет