Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын жалғастырады

0
414

Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты 5 шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.


Каспий құбыр консорциумы өз жұмысын жалғастырады

ERNUR.KZ. Краснодардың өлкелік соты КҚК жұмысын тоқтата тұру туралы шешімді 200 мың рубль көлемінде айыппұл салумен алмастырды, деп жазады inbusiness.kz.

"200 мың рубль мөлшеріндегі айыппұл салуға өзгертілсін, қалғандары өзгеріссіз қалдырыңыз", – деді жергілікті судья.

Краснодар өлкесі соттарының бірлескен баспасөз қызметі қаулының заңды күшіне енгенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Новороссийск қаласының Приморск аудандық соты 5 шілдеден бастап Каспий құбыр консорциумының (КҚК, Ресей мен Қазақстанның қатысы бар компания) қызметін 30 күнге тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Мұндай шешімді қабылдауға Ространснадзордың КҚК өндіріс орындарында экологиялық бұзушылықтарды анықтауы себеп болды.