Каспий құбыр консорциумы уақытша мұнай тасымалын тоқтатты

0
359

Қазір мұнай терминалы арқылы мұнай тасымалы мен резервуарлар паркінде мұнай қабылдау тоқтатылған.


Каспий құбыр консорциумы уақытша мұнай тасымалын тоқтатты

ERNUR.KZ. Каспий құбыр консорциумында 10 сәуірден бастап мұнай тасымалы тоқтатылды, деп жазады stan.kz.

Қазір мұнай терминалы арқылы мұнай тасымалы мен резервуарлар паркінде мұнай қабылдау тоқтатылған.

"10-12 сәуірде БАҚ-те мұнайдың, мұнай өнімдерінің, газ, меркаптанның жағымсыз иісі туралы ақпарат тарады. Каспий құбыр консорциумы жоспарлы түрде жұмысын тоқтатуына байланысты 10 сәуірден бастап мұнай тасымалдамайды және резервуарлар паркінде мұнай қабылдамайды. Сәйкесінше КҚК жағымсыз иістің туындауына себеп болған органикалық қосындылардың көзі бола алмайды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко алдағы уақытта Қазақстанның Әзірбайжан арқылы мұнай тасымалдайтынын мәлімдеген еді.