Каспий құбыр желісінің теңіз терминалында тағы бір қондырғы іске қосылды

0
809

Ал айлақтан шығарылатын екінші қондырғы әлі пайдалануға берілген жоқ


Каспий құбыр желісінің теңіз терминалында тағы бір қондырғы іске қосылды

ERNUR.KZ. Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай құюға арналған үшінші қондырғы жөндеу жұмыстарынан кейін іске қосылды, деп жазады sputnik.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 сәуірде ауа райы біршама уақытқа жақсарды.

Сүңгуір мамандар осы сәтті пайдаланып, жөндеуден өткен манифольдты іске қосты. Осылайша, мұнай құюға арналған үшінші қондырғы арқылы шикізатты тиеу жұмыстары басталды.
"Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы және мердігерлік компанияның мамандары танкердің көмегімен теңізге шығып тұратын қондырғыны жуып шықты. Суда қалқып жүретін құбыршек ауыстырылды. Сондай-ақ, қысыммен тексеру шаралары сәтті аяқталды. Барлық қондырғылар тексерістен өтті", - дейді компания мамандары.
Қазіргі кезде үшінші қондырғыға Delta Commander танкерін арқанмен байлап қойған. Мұнай тиеу жұмысы басталды. Ал екінші қондырғының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бірінші қондырғы штаттық режимде істеп тұр.
Айта кетері, 21-22 наурызда ауа райының қолайсыздығынан үшінші қондырғыда суда қалқып жүретін құбыршектердің бір бөлігі қозғалып кеткен. Мамандар ақауды уақытында анықтап, қондырғыны бірден сөндіріп тастаған. Өйткені Қара теңізге мұнай төгілетін еді.