Каспий теңізінде жоғалған балықшылар тікұшақпен іздестіріліп жатыр

0
517

​Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, 1994 және 1983 жылдары туған екі балықшы 30 сәуірде Ақшұқыр кенті маңында металл қайықпен теңізге шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.


Каспий теңізінде жоғалған балықшылар тікұшақпен іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Жоғалған адамдарды іздеумен құтқарушылар айналысып жатыр, - деп жазады kaz.tengrinews.kz.

Ведомство жоғалған балықшыларды іздеуге 1 мамырда таңғы сағат 07.45-те кіріскенін хабарлады. 17 құтқарушы үш қайықпен жағалауды аралап жатыр.

"Іздеуге ҚР ӘТК 29011 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, сондай-ақ еріктілер мен туыстарымен бірге "Орал" шағын күзет кемесі қосылды. Бұдан басқа, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-870 тікұшағы жұмылдырылды, оның бортында төрт қызметкер мен бір туысы бар", - деді Маңғыстау облысының ТЖД өкілдері.

каспи