Каспий теңізіндегі мұз астына ер адам құлап кетті

0
713

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті олардың бөлімшесіне мұз астына құлауға байланысты көмек көрсету туралы дабыл келмегенін айтты.


Каспий теңізіндегі мұз астына ер адам құлап кетті

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Каспий теңізіндегі мұз астына құлап кеткен ер адамның видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрметті тұрғындар, бүгінде мұз астына құлағандар көбейіп кетті. Жақын арада теңізге шықпаңыздар", - дейді басылым.


inaktau.kz тілшісіне Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті олардың бөлімшесіне мұз астына құлауға байланысты көмек көрсету туралы дабыл келмегенін айтты.

Соған қарамастан құтқарушылар облыс тұрғындарын абай болуға және мұздағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

- қатты қатпаған мұзды баспаңыздар;
- топ болып мұздың бетіне жиналмау;
- мұздағы жарықтарға жақындамаңыздар;
- түнде мұзға шықпаңыздар.