Каспийге батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

0
370

2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен.


Каспийге батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

ERNUR.KZ. Серфингтен құлап, суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«2005 жылы туған бала «Солдатский» жағажайы тұсында серфинг кезінде суға батып кеткен. ТЖД-нен 5 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ-нен 3 қызметкер, 1 техника іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Баланың денесі бүгін сағат 08:35 шамасында табылды», - деді Ақтау қалалық ТЖБ аға инженері Есен Борашев.

Бұдан бұрын Ақтаудағы жағажайда жасөспірімнің суға батып кеткені хабарланған болатын.