Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Ватан» Сарайындағы құрметті меймандар кітабына жазба қалдырды

0
665

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барғаны хабарланған болатын.


Қасым-Жомарт Тоқаев «Әл-Ватан» Сарайындағы құрметті меймандар кітабына жазба қалдырды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әбу-Дабидегі «Әл-Ватан» Сарайындағы құрметті меймандар кітабына жазба қалдырды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мені құрметпен күтіп алған Сіздің мемлекетіңіз бен «Әл-Ватан» сарайына алғысымды білдіремін. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы қарым-қатынас нығая берсін», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен бірге, БАӘ-нің тұтастығы мен байлығы жылдан жылға бекемдеп, тұрақты болуын тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келгені хабарланған болатын.