Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады

0
553

Президентке "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады
ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Президентке "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

Соның ішінде агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары - Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына "Хабар" агенттігін" техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды роль атқаратынын айтты.