Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен және Сингапур Президентімен кездеседі

0
791

25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Премьер-министрімен және Сингапур Президентімен кездеседі

ERNUR.KZ. Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс жоспары жарияланды, деп жазады inform.kz.

Мемлекет басшысы 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.