Қасым-Жомарт Тоқаев​ Қазақстан халқы алдында ант берді

0
1 916

Қазақстан Президенті​нің ұлықтау рәсімі өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев​ Қазақстан халқы алдында ант берді

Қазақстанда Президентінің инаугурациясы — ҚР Президенті лауазымына ресми кірісу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын Конституцияға қойып, халыққа ант береді.

Одан кейін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Мәжітұлы Имашев Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.


Еске сала кетейік, Қазақстанда 9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жеткен болатын.