Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" басшысын қабылдады

0
198

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы мемлекет басшысына жоспарлары туралы баяндады.


Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет