Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

0
540

Тоқаев қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданатынын атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

"Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.