Қасым-Жомарт Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

0
504

2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын.


Қасым-Жомарт Тоқаев неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін түсіндірді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде тәртіпсіздіктерде неге ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бас десе құлақ деудің қажеті жоқ. "Бейбіт шерушілерге оқ атуға бұйрық берді" деп сөйлеудің қажеті жоқ. Бұл кезде алаңда бейбіт шерушілер болған жоқ. Қарақшылық жасап, бүлік шығарып жатты. Бандиттердің ісінен асқан жауыздық байқалды", - деді Президент.

"Сонымен қатар, алгоритм болмағанына келсек, ТЖ жағдайы енгізілгенде басты ұйымдастырушы - ішкі органдар. Ал терроризмге қарсы операция жарияланса, басты ұйымдастырушы ҰҚК болуы керек. Іс тапсырылмай, жиналыстар болып жатқанда бұлай өту қиын болды. Сосын мен "Мырзалар, соғыс болып жатса, сіздер кеңесіп отырсыздар. Мен сіздерге бүлікті басуға барлық жауапкершілікті тапсырамын, жоғары қолбасшы ретінде ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы ретінде бұйрық беремін" дедім", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.