Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

0
427

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев АӨСШК-тің VI саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенімді.