Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді

0
324

«The Muslim 500» басылымы жылына бір рет әлемдегі ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманы тізіміне енді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Димаш Құдайбергеннің есімі алғаш рет «The Muslim 500» жыл сайынғы шығарылымында пайда болды. 2009 жылдан бастап жыл сайын әлемдегі ең көрнекті мұсылмандардың қатысуымен The Muslim 500 тізімі жарияланады», - делінген Instagram-дағы DimashNews парақшасында.

«The Muslim 500» басылымы жылына бір рет мұсылман әлеміне айтарлықтай ықпалы бар мәдениет, идеология, қаржы, саясат және басқа да билік саласындағы әлемдегі ең ықпалды 500 адамды анықтап отырады.