Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

0
248

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.


Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Сіздердің жұмыстарыңыз қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға байланысты, сол себепті халық сіздерге үміт артады. Жұмыстарыңызға табыс және береке тілеймін!»-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, 1992 жылы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл, Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындаған алғашқы құқықтық акт болды. 2007 жылғы 5 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып бекітілді.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет