Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барады

0
1 523

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресей Федерациясына барады

3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды. Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.