Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

0
433

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Жидда қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды.

Алайда президент жұмыс сапарын Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан бастады.
Токаев посетил мечеть пророка Мухаммеда - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2023


Ол Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қазақстан президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі"атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.