Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды

0
411

Мемлекет басшысы үкіметке шет елдермен, әсіресе, қолайсыз жағдай аймағында орналасқан мемлекеттермен жол қатынасын оңтайландыру нұсқаларын жіті зерттеуді тапсырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралас мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдай ушығуына байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейтуді тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

"Шектес мемлекеттерде эпидемологиялық ахуалдың ушығуына байланысты мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде бақылауды күшейту қажет", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Айтуынша, 5 қазандағы жағдай бойынша Ресейде вирусты жаңа жұқтырған 12 608 адам тіркелді, өсім 1%. Өзбекстанда 374 адам, өсім – 0,5%; в Қырғызстанда – 244 науқас, өсім 0,5%.

Президент әуежай мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиялық бақылау режимін қайтарып, "қызыл аймақтан" келген жолаушыларды шұғыл тестілеу жұмысын жолға қою керек деп санайды.

Мемлекет басшысы үкіметке шет елдермен, әсіресе, қолайсыз жағдай аймағында орналасқан мемлекеттермен жол қатынасын оңтайландыру нұсқаларын жіті зерттеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Тоқаев тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысының тоқтауына жол бермеу және жағдай нашарлаған жағдайда олардың кідіріссіз істеуі үшін шаралар қабылдау өте маңызды екенін айтты.

Әкімдер стратегиялық нысандар – ЖЭО, су арналары, ірі кәсіпорындардың дайындығын қамтамасыз етуі тиіс.