Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочи сапары туралы бейнеролик жарияланды

0
787

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыртуымен жыл сайын өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI пленарлық сессиясына қатысты.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочи сапары туралы бейнеролик жарияланды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочи сапарынан шағын бейнеролик жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сочиға сапары туралы бейнеролик жариялады.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыртуымен жыл сайын өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының XVI пленарлық сессиясына қатысты. Әлемнің ондаған елінен келген беделді саясаткерлер мен белгілі сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің басын қосқан биылғы форум «Ғаламдық геосаясаттағы Шығыстың рөлі» тақырыбына арналды.

Айта кетейік, видеошолуды әзірлеген - ҚР Президентінің телерадиокешені.