Қасын бояп, бетін тазартады: Қазақстандық жігіттер сұлулық салонына көп баратын болған

0
1 346

Бүгінде қыздарды қойып қазақстандық жігіттер қас боятатын болған. Бұған қоғамның көзқарасы қандай?


Қасын бояп, бетін тазартады: Қазақстандық жігіттер сұлулық салонына көп баратын болған

ERNUR.KZ. Продюсер Ринат Таттыбай қасын бояйтынын жасырмайды. Ол үш айда бір рет сұлулық салонына келетінін айтады, деп жазады Stan.kz.

"Мен ұлу терапиясын алғанмын, одан бөлек бетке массаж алдым. Бетті тазартып, қара нүктелерді тазарттым. Бұл қалыпты жағдай деп ойлаймын. Әрбір өзін сыйлайтын адам күтіміне де қарау керек", - дейді ол.

Бұдан бөлек жігіттер қасын формамен қидырып, бояуды әдетке айналдырған. Гауһар есімді мастерге бір күнде 4 жігіт осы қызмет үшін келді.

"Бұрын жігіттер ұялатын. Өздері үй жағдайында жасайтын. Қазір бұл тенденцияға енді. Сондықтын еш қымсынбастан салонға келеді", - дейді Гауһар.

Жігіттер қастан бөлек тырнақ жасатуға, бетін тазартып, безеуді кетіруге, түктен тазартуға көп келеді екен.

"10 жыл бұрын маған келушілер арасында 1-2 пайызы ғана ерлер болатын. Қазір 20-30 пайызы ер адамдар", - дейді косметолог-дерматолог Айнұр Дүйсенбаева.

Алайда тұрғындардың пікірі екі түрлі. Бірі ерлердің мұнысына қарсы шықса, бірі қолдайтындарын айтты.