Қатерлі ауруым бар деп бірнеше әйелді алдап кеткен ер адам ұсталды

0
895

Күдікті зардап шеккендердің біразы баратын фитнес-залда жұмыс істеген.


Қатерлі ауруым бар деп бірнеше әйелді алдап кеткен ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысынд полицейлер бірнеше алаяқтық ісі бойынша күдікке ілінген 26 жастағы жігітті ұстады, - деп жазады Тengrinews.kz.

15 шақты әйел мен екі ер адам Талғар аудандық полициясына арыз берген. Полицейлердің айтуынша, алаяқтың кесірінен зардап шеккендер көп болуы мүмкін.

"Күдікті Түркістан облысының 26 жастағы тумасыпробациялық бақылауды бұзғаны үшін іздеуде жүрген. Ол бұрындары да алаяқтық бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол ұсталды және қамауда отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдікті зардап шеккендердің біразы баратын фитнес-залда жұмыс істеген. Сол жерде танысып, олардың қаржылай мүмкіндіктерін анықтаған.

"Барлық жағдайда күдікті ақша алу үшін өзін аянышты етіп көрсететін болған. Мысалы, біреулерге қатты аурудан зардап шегетінін және қымбат тұратын ота жасату керектігін айтқан, ал екіншілеріне жол апатына түскеннен кейін емделу шараларына керектігін айтқан. Жалпы қанша залал келтірілгені белгісіз", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Күдікті биыл сәуірден бастап осындай жолмен ақша тауып келгені анықталды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.