Қатерлі дертке шалдыққан қазақстандықтарға тегін берілетін дәрі Ресейде сатылып жатыр

0
2 135

Бұл дәрінің бір орамасының құны миллион теңгеден асады.


Қатерлі дертке шалдыққан қазақстандықтарға тегін берілетін дәрі Ресейде сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандық қатерлі дертке шалдыққан науқастарға тегін таратылуы тиіс дәрі Ресейде сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дәрінің бір орамасының құны миллион теңгеден асады. Енді осыған қатысты тексеріс жүргізілмек. Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бұйрабекова мәлімдеді. Комитет басшысының айтуынша, бұл ақпаратты қазақстандық емделушілер жеткізген. Яғни Ресей нарығында жасырын түрде сатылып жатқан препараттарда біздің медициналық ұйымдардың мөрі басылған. Әрі бұл дәрілерде «Тегін» деген жазуы да бар.

– Бұл амбулаториялық емес, стационарлық препараттар. Олар стационарларда қолданылады, сондықтан қарау оңай болады. Елдің 11 стационары бұл препаратты Бірыңғай дистрибьютордан алды. Қазір біз құқық қорғау органдарымен бірге өздігімізше тексеру жүргіземіз, егер осы препараттардың шын мәнінде шетел асып кеткені анықталса, бірден бас прокуратураға тапсырамыз, - дейді ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің басшысы Людмила Бұйрабекова.