Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт толығымен ауыздықталды

0
693

Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт 17 маусымда басталды.


Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт толығымен ауыздықталды

ERNUR.KZ. Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт толығымен сөндірілді, деп жазады stan.kz.

Мұны Шығыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Катонқарағай ұлттық табиғи саябағы" РММ Ақсу филиалының аумағындағы өрт Катонқарағай ауданы Сенное ауылынан үш шақырым жерде жойылды. 19 маусымда сағат 12: 00-де 15 гектар алқапта өрт ауыздықталды", – деп хабарлады облыстық ТЖД.

Катонқарағай ұлттық саябағындағы өрт 17 маусымда басталды. Қол жетпейтін таулы жерлерде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп кетті.