Қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

0
551

Апат болған "Казақстан" шахтасының маңындағы Шахтинск қаласында брифинг өтті.


Қаза тапқан кеншілердің туыстарына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында қайғылы апаттан қаза тапқан жандардың жақындарына көмек көрсетіледі. Бұл жайлы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Апат болған "Казақстан" шахтасының маңындағы Шахтинск қаласында брифинг өтті. Кеншілер кен өндіріп жатқан компаниямен 2 жылға еңбек шартына отырған. Сол келісімге байланысты апаттан зардап шеккен барлық кеншілердің емге кеткен қаражаты толықтай төленеді.

"Еңбек шартының төңірегінде қаза болған жандардың жақындарына 10 жылдық жалақы төлеп беру, үй алып беру, басқа да әлеуметтік көмектермен, балаларына оқуға түсуге жәрдем беру қарастырылған. Емханада жатқан жандарға ем ақшасы төленеді", - деді Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы, ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы уақытта Қарағанды облысына қарасты шахталардың бірінде апат болып, 3 адам қаза тапты. Әлі екі кенші іздестіріліп жатыр. Жарылыстың салдарынан туындаған от әлі сөндірілмеген.