Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді

0
630

​Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады.


Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді
ERNUR.KZ. Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді, деп жазады baq.kz

Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бақыт Сұлтанов «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды.

Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.