Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

0
2 274

Өзі жалаңаштанған қыз Назар Ролланның да шешініп тастауын талап еткен.


Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

ERNUR.KZ. Желіде тәртіп бұзушылықтары мен ерсі әрекеттерімен танылған Назар Роллан тағы да ел ашуына тиді. Бұған дейін көлігінде төсін айқара ашқан қазақ қызын көрсеткен ол бұл жолы орыс бойжеткенді шешіндірген. Онысымен қоймай, соңында атышулы блогер өзі де іш киіміне дейін шешініп тастаған, деп жазады kaz.nur.kz.

Наташа Орлова есімді арудың жалаңаштануы Назар Ролланның Youtube бағдарламасының кезекті шығарылымы кезінде орын алған.

Бұл жолы да ойын тәртібі сол қалпы сақталған. Атышулы жігіт бойжеткенді қажетті мекен-жайына апарар жолда оған сұрақтар қояды. Әрбір қате жауап үшін қатысушы қыз бір киім элементін шешуге міндетті.

Назар Роллан бағдарламасының екінші кейіпкері дұрыс жауап бермей, ең алдымен аяқ киімін, сосын шұлықтарын шешкен. Артынша кезекті қателігі үшін бойжеткен шолақ шалбарынсыз қалды.

Келесіде 23 жастағы ару үстіндегі футболкасын шешіп тастады. Ойын соңында ол тек іш киіммен ғана қалып, сұрақ қоюшы Назар Ролланнан өз қалағанын сұрау құқығына ие болды. Осылайша, өзі жалаңаштанған сылқым ойын жүргізушісінен де шешініп тастауын талап еткен.

Желі қолданушылары аталған видеоның астына сыни пікірлерін қарша жаудырған. Олар Назардың түсіріп жүрген дүниесі мүлде ерсі әрі қазақи санаға қайшы екенін жазуда.

"Ұят, сөз жоқ саған" , "Қоймайды екен қыздарды шешіндіріп" , "Осындай дүниелеріңмен қазақ атына кір келтіресіңдер" , "Жап-жас қыздың мұндай әрекетке барғаны өкінішті" , "Видеоларың сапасыз, бағдарламаң іш пыстырарлық" , "Шешіндіруден басқа нәрсе таппадың ба" ,- деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін атышулы Назар Роланның көлікте қазақ қызын шешіндіргенін жазған болатынбыз. Блогердің бірінші кейіпкері 21 жастағы студент қыз болған.



Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет