«Қазақ емессіңдер»: Базарға барған тұрғын шу шығарды (видео)

0
2 209

ERNUR.KZ. Еліміздегі сауда орындарының біріне барған тұрғын жағасын ұстап қайтты. Айтуынша, жылқы мен шошқа еттері бір қатарға қойылып, тұтынушыға сатылып келген.


«Қазақ емессіңдер»: Базарға барған тұрғын шу шығарды (видео)

ERNUR.KZ. Еліміздегі сауда орындарының біріне барған тұрғын жағасын ұстап қайтты. Айтуынша, жылқы мен шошқа еттері бір қатарға қойылып, тұтынушыға сатылып келген. Шу көтерген тұрғынды әлдекім видеоға түсіріп, желіге салып жіберді. Тек өкініштісі, бұл еліміздің қай өңірінде орын алған жайт екені сол күйі беймәлім қалып отыр.

«Қазақ емессіңдер сендер! Мынау не сұмдық? Мынаның ішінде шошқаның да, сиырдың да, жылқының да еті бар... Шошқаның етімен қазақтың табағы қатар жатыр, қасиетті жылқының табағы... Шошқаның бас-аяғы көрініп тұр. Түсіріп ал да, фэйсбукқа бәріне сал. Мен қазір инстаграмға саламын. Қазақпыз дегендер байқаңдар, шошқаның етін жеп харам боп жүрмеңдер» деп ашынған әйел азаматы тұрғындарды ет сатып аларда мұқият болуға шақырды. Бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап, елдің пікірі екіге бөлінді. Бірі жылқы мен шошқа еттерінің бір орында сатылуында тұрған ешнәрсе жоқ деп дабыл қақса, келесі бірі сатушыларды жазалау керектігін айтты.

«Шошқаның еті бар жерден ет алмау керек. Бәрі бір еттартқыштан өтеді. Бір пышақ қолданады. Апа жарады, қай дүкен, қай қала екенін айту керек еді», «Апаның айтқаны дұрыс», «Не айтып отырсыңдар? Шошқа нағыз кір, салақ малдың бірі. Саудасын жүргізсін, оған ешкім әңгіме айтып отырған жоқ. Тек оны бөлек жерге қойса шошқаның еті деп», «Жиіркенішті, мен мұндай орыннан ет сатып алмас едім» деп жарыса пікір қалдырды желідегілер.

Видео: желіден алынды