Қазақ жігіті Катардағы ӘЧ-нің ресми промо клипіне түсті

0
565

Жандос халықаралық Nomad Stunts тобының каскадері.


Қазақ жігіті Катардағы ӘЧ-нің ресми промо клипіне түсті

ERNUR.KZ. Қазақ жігіті Жандос Айбасов Катарда өтетін 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми промо видеосына түсті, деп жазады vesti.kz.

Жандос халықаралық Nomad Stunts тобының каскадері. Ұйымның Instagram желісінде бұл промо клип Al-Kass Sports Channels арнасы үшін Катар астанасы Дохада түсірілгені жазылған.

"Айтпақшы, құмы ыстық шөлде алғаш рет атпен шауып өттім", - дейді Айбасов.

Еске салайық, ЧМ-2022 20 қарашада басталады.