«Қазақфильмнің» 10 мультфильмі ашық көрсетілімге шығарылды

0
2 276

Мультфильмдерді киностудияның Youtube арнасынан көруге болады.


«Қазақфильмнің» 10 мультфильмі ашық көрсетілімге шығарылды

ERNUR.KZ. «Қазақфильм» шығарған 10 мультфильм ашық көрсетілімге шығарылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Жаңа жыл бұл — сыйлықтар, ғажайып пен тосынсыйлар уақыты. Бұл мерекені әсіресе балалар жақсы көреді. Жас көрермендерімізге біздің де дайындаған тосынсыйымыз бар. Біз «Қазақфильм» шығарған 10 мультфильмді ашық көрсетілімге шығардық», - делінген хабарламада.

Мультфильмдерді киностудияның Youtube арнасынан көруге болады.

Он картина 1971 мен 2009 жылдар аралығында түсірілген. Олар: «Кім патша болады?», «Голубая планета», «Волшебное зеркало», «Держись, ребята!», «Цыпленок», «Чьи уши лучше?», «Менікі», «Последний олень», «Момын мен қарақшылар», «Ұры мен қасқыр».