Kazakhmys ғимаратында өрттің неден шыққаны белгілі болды

0
527

21 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында өрт шыққан болатын.


Kazakhmys ғимаратында өрттің неден шыққаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет басқармасы комитетінің басшысы Ерлан Тұрегелдиев Нұр-Сұлтандағы Kazakhmys ғимаратында шыққан өрттің себебін атады, деп жазады ktk.kz..

"Өрт фактісінің материалдарын зерттеу кезінде оның шығуына отпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздікті сақтамау себеп болды деп болжанып отыр. Яғни битумды мембаранын газбен жанатын құрылғы арқылы балқыту кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталмады", - деді Тұрегелдиев брифинг барысында.

Ол сонымен қатар қазіргі уақытта корпорация ғимаратындағы өрт фактісі бойынша материалдар полицияға берілгенін қосып өтті.

Келтірілген залал мөлшері анықталуда. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.