Қазақстан -Түркия арасында қатынайтын ұшақтар саны артады

0
2 018

«Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді


Қазақстан -Түркия арасында қатынайтын ұшақтар саны артады

ERNUR.KZ. Елорда мен Ыстанбұл арасында қатынайтын ұшақтар күніне екі рет жолаушы тасымалдайтын болады, деп жазады inform.kz.

«Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатынау мүмкіндіктерін арттыру үшін түрлі шаралар қабылдауда. Биылғы маусым айынан бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан - Ыстанбұл арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді. Қосымша рейстер А320 кемелері арқылы жүзеге асады»,- деп жазады ҚР Азаматтық авиация комитеті.

Комитеттің хабарлауынша, шілде айынан бастап түркиялық Turkish Airlines компаниясы екі қала арасындағы әуе рейстерін аптасына 5 реттен 7-ге арттыруды көздеп отыр. Осының нәтижесінде аталмыш қалалар арасына қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайтын болады.