Қазақстан-АҚШ тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

0
1 543

Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарында екі тараптың қатысуымен келіссөздер өткізілді


Қазақстан-АҚШ тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Америка Құрама Штаттарының қалаларына тікелей әуе рейстерін ашу бойынша жұмыстар жүргізуде, деп жазады Baq.kz.

Осы жұмыс аясында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінде (Вашингтон қаласында) екі тараптың қатысуымен келіссөздер өткізілді.

Келіссөздер барысында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға келісті.