Қазақстан әлемде бәсекеге қабілетті елдер арасында 67-орында

0
580

Есеп бойынша, үздік үштікте Швейцария, Сингапур, АҚШ тұр.


Қазақстан әлемде бәсекеге қабілетті елдер арасында 67-орында

ERNUR.KZ. INSEAD бизнес мектебі әлемде мықты, қабілетті, таланттары көп елдер арасында зерттеу жүргізді. Бұл ретте Қазақстан 67- орында тұр, деп жазады stan.kz.

Есеп бойынша, үздік үштікте Швейцария, Сингапур, АҚШ тұр. Басқа да еуропалық елдер бұл тізімде жақсы нәтиже көрсетті. Мәселен, Дания, Нидерланды, Финляндия және Норвегия сәйкесінше төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші орынды иеленді. Сегіздікте Австралия, оныншыға Ұлыбритания кіреді.

Қазақстан бұл тізімде 67- орынды иеленді. Ел табыс бойынша орташадан жоғары Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет. Ал кәсби білім мен дағдыларды тарту бойынша Қазақстан 30-орында.

Қазақстан зерттеу нәтижесінде жоғары білімі бар адамдардың едәуір бөлігі бар елге жатқызылды. Алайда ол өзінің отандық дарындарының әлеуетін толықтай жүзеге асыра алмай отыр. Елде нашар жұмыспен қамтуға әкелетін олқылықтар (132-орын) және, өз кезегінде, төмен кәсіптік және техникалық дағдылар бар (122-ші).

Бұл тізімде Өзбекстан орташа табыстан төмен деңгейде болса да, өзінің талпынысымен 62-орында біздің елден озып тұр. Бұл ел әсіресе, “Кәсіби техникалық қабілеттерді” дамытуға үлкен жұмыс істейді.

Көршілес Қырғызстан соңғы бірнеше жылда таланттардың бәсекеге қабілеттілігінде тұрақты прогреске ие. Ол аймақта 86-шы орында тұрақтады. Ел шетелдік таланттарға ашықтық саясатын ұстанады. Елдің ең әлсіз тұсы - дарындыларға қолдау беріп және өсіру.

Сауда, инвестиция және саясатта белгісіздік пен халықаралық шиеленіс болғандықтан алдағы онжылдықта елдер арасындағы таланттар үшін бәсекелестік күшейе түседі.

Ал жасанды интеллект (АИ-дің) салалары дамығандықтан қабілеттілердің теңсіздігі күшеюі мүмкін.