Қазақстан Арменияға бітімгерлерін жібермейді – СІМ

0
385

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында журналистер министрден қазақстандық бітімгерлер Арменияға жіберіле ме деп сұрады.


Қазақстан Арменияға бітімгерлерін жібермейді – СІМ

ERNUR.KZ. Арменияға Қазақстаннан бітімгерлер жіберу мәселесі әзірге қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында журналистер министрден қазақстандық бітімгерлер Арменияға жіберіле ме деп сұрады.
"Қазір мұндай мәселе қарастырылып жатқан жоқ", - деді Тілеуберді.
Ол Қазақстан шекараны демаркациялау бойынша өз тәжірибесімен бөлісуге дайын екенін атап өтті.
"Әзербайжан мен Армения арасындағы шекара делимитацияланбаған, демаркацияланбаған. Сол себепті шекараның бұзылғаны туралы айту қиын. Қазір басты міндет армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша бірлескен комиссияның жұмысын жандандыру керек. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге дайын", - деді Тілеуберді.
Айтуынша, ҰҚШҰ бас хатшысы екі елдің шекарасына барып, жағдайды бақылап, мемлекет басшыларына хабар береді.