Қазақстан атынан лицензиялық турнирге қатысатын таеквондошылар белгілі болды

0
320

Таеквондо спортынан Олимпиада бағдарламасына тек сегіз салмақ дәрежесі енген.


Қазақстан атынан лицензиялық турнирге қатысатын таеквондошылар белгілі болды

ERNUR.KZ. Таеквондодан лицензиялық турнирде сынға түсетін Қазақстан құрамасының құрамы анықталды, деп жазады stan.kz.

Қазақстандық таеквондошылар Париж олимпиадасының жолдамасын сарапқа салатын турнирде өнер көрсетеді. Қытайдың Тайань қаласында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын 4 спортшымыз қорғайды. Атап айтсақ, әйелдер арасында 57 келіде Мария Севостьянова өнер көрсетсе, 67 келіде Жансель Дениз сынға түседі. Ал ерлер арасында Самирхон Абабакиров (58 келі) пен Батырхан Төлеуғали (80 келі) қатысады. Жарыс 15-16 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, таеквондо спортынан Олимпиада бағдарламасына тек сегіз салмақ дәрежесі енген. Бірақ әр командадан төрт салмақта ғана спортшылар қоса алады.