Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына үлесін қосады

0
1 412

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты аталған теміржол желісін салу үшін Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізу конкурсын жеңді.


Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына үлесін қосады

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанмен арадағы экономикалық ынтымақтастық туралу баяндады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ауғанстанда тиісті құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, яғни көліктік-инфрақұрылымдық желілерді жаңғырту шаралары қолға алынды. Қазіргі кезде «Солтүстік-Оңтүстік» теміржолының құрылысы жүріп жатыр. «Integra» атты қазақстандық компания 43 шақырымдық учаскеге тендерді жеңіп алды», - деді Бейбіт Атамқұлов Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты аталған теміржол желісін салу үшін Ауғанстанға 350 мың тонна рельс жеткізу конкурсын жеңді.

Сонымен қатар Б. Атамқұлов Ауғанстанға жеткізілетін астықтық басым бөлігі Қазақстанның өніміне тиесілі екенін атап өтті.

«Тағы бір маңызды бағыт Ауғанстандағы мамандарды оқытуға байланысты. Сонымен бірге, біз қатысатын келесі бағдарлама - ол ЕО-ның гуманитарлық бағдарламасы. Онда осы елдегі әйелдерге арналған білім беру шаралары қамтылады. Бұл бағдарламаны Өбекстанмен бірлесе іске асырмақпыз», - деді ол.