Қазақстан Ауғанстанға көмек ретінде қорларға ерікті жарна аударып тұрады

0
609

​Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына өз үлесін қосып келеді.


Қазақстан Ауғанстанға көмек ретінде қорларға ерікті жарна аударып тұрады

ERNUR.KZ. Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты көмек көрсету қажет деген позицияны әрдайым ұстанады, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымның Ауғанстан бойынша донорлық онлайн конференциясында мәлімдеді.
Шара Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру және ауған халқына көмектесу үшін қаржы жинау мәселелеріне арналды.
Қалиев өз сөзінде Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты көмек көрсету қажет деген позицияны әрдайым ұстанатынын мәлімдеді.
Сонымен бірге ол Қазақстан гуманитарлық және басқа да көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосуды жалғастырып жатқанын атап өтті.
Отандық дипломат Қазақстан Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл крест комитетінің қорларына ерікті жарналар аударатынын жариялады.