Қазақстан бақытты елдер рейтигісінде 40-орында

0
566

​Ең бақытты ел – Финляндия.


ERNUR.KZ. World Happiness Report әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингісін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан 146 елдің ішінен 40-орынға жайғасты. Еліміз соңғы екі жыл ішінде 50-орыннан 10 тармаққа көтерілді.

Ал Финляндия осымен бес жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылды. Бестікке Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланд кірді. Одан кейінгі орындарда – Люксембург, Израиль, Швеция, Жаңа Зеландия және Норвегия елдері.

Ресей 80-ші орынға дейін түсіп кетті. 2021 жылы ол 60-орынға табан тіреген еді. Тізімнің ең соңында Ауғанстан елі тұр. World Happiness Report баяндамасын БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жыл сайын жасап тұрады.

Мамандар әлемнің 146 елін бағалады. Өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа критерийлер ескеріледі.